Выйти
RU

Коронавирусқа қарсы ресейлік препараттардың алғашқы легі ауруханаларға жеткізілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік "Авифавир" препараттарының алғашқы легі ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "ХимРар" компаниялар тобы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фото: ТАСС / Сергей Бобылев

Фото: ТАСС / Сергей Бобылев

Бірінші болып дәрі-дәрмектерді Мәскеу, Ленинград, Новгород, Киров облыстары мен Екатеринбург қаласының, сондай-ақ Татарстан республикасының клиникалары мен уәкілетті фармацевтикалық ұйымдары алған.

Маусым айында ресейлік ауруханаларға 60 мың "Авифавир" препараты жеткізілмек. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектің өндіріс көлемін екі есе арттыру көзделуде.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, аталған препараттар міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша ресейліктерге тегін беріледі.

"Ресейде бұл препаратқа деген сұраныстың жоғары екенін байқадық. Оны елдің барлық өңірлеріне жеткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Сондай-ақ "Авифавир" препаратына 10-нан астам елден өтінім түсті. Клиникалық зерттеулердің алғашқы нәтижелері бұл дәрі-дәрмектің аса тиімді екенін көрсетті", – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың коронавирусқа қарсы ресейлік препаратты сынақтан өткізуді бастағанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусқа қарсы ресейлік препараттардың алғашқы легі ауруханаларға жеткізілді