Выйти
RU

Бейжіңде 56 күннен кейін алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бейжіңде 56 күннен кейін коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. COVID-19 диагнозы соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматта расталған. Бұл туралы Сичэн провинциясы басшысының орынбасары Мяо Цзяньхун баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Пекинде 56 күннен кейін алғашқы коронавирус дерегі тіркелді

Көрнекі фото: hightech.fm

"Сичэен провинциясында тұратын Тан есімді азамат 10 маусым күні жергілікті ауруханаға жоғары дене қызуымен жүгінген. Ол өзін әлсіз сезініп, жөтеле бастаған, кеудесінде қысым байқалған. Соңғы екі аптада тұрғын Бейжіңнен шықпаған және сырттан келгендермен байланысқа түспеген", - дейді Мяо Цзяньхун.

Ол коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже бергендіктен, пациентке нақты COVID-19 диагнозы қойылғанын мәлімдеді. Пацеиент жанұясының екі мүшесі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынған. Қала тұрғыны ауруды қайдан жұқтырғаны әзірге белгісіз.

Тан ауруханаға барар жолда және ауруханада маскамен жүрген, бүгінде оқшауланып, Дитань медициналық мекемесінде ем қабылдап жатыр.

Қазіргі уақытта мамандар Сичэн ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды жіті бақылауға алды.

Атап айтқанда, олар жұқтыру көзін қадағаланып, соңғы аптада шетелден немесе эпидемиологиялық қауіп деңгейі жоғары Қытай аудандарынан келгендердің барлығын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Италия ғалымдары коронавирус ағынының бәсеңдеуін көрсететін зерттеу деректерін ұсынғанын хабарлаған едік. Бұл күзде пандемияның келесі толқыны болмайтынына сенуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейжіңде 56 күннен кейін алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді