Выйти
RU

Тоғжанов өңір басшыларына карантин режимін күшейтуді тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, халықаралық әуе қатынастырын кезең-кезеңмен ашу және басқа да өзекті мәселелер қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министр сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоғжанов өңір басшыларына Қазақстандағы карантинді күшейтуді тапсырды

Фото: NUR.KZ

Жиында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз баяндамасында халық арасында санитарлық тәртіптің сақталмауының кесірінен елімізде коронавируспен ауырғандар саны көбейіп келе жатқаны байқалатынын атап өтті. 

"Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр", — деді ол.

Осыған орай, премьер-министрдің орынбасары ауру саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет. 

Мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80%-ын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, тұрғындардың немқұрайлығына алаңдаған ақтөбелік ақ халаттылар өңірде қайтадан қатаң карантин режимін енгізуді ұсынып отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоғжанов өңір басшыларына карантин режимін күшейтуді тапсырды