Выйти
RU

Зеленский "лайк үшін реформа жасайтын" министрлерге желіге кіруге тыйым салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский елдің бұрынғы премьер-министр Алексей Гончаруктің командасы шынайы нәтижеден гөрі желідегі лайк санына қызыққанын айтып берді. Оның сөздерінше, министрлер кабинетінің мүшелеріне тіпті жұмыс уақытында Facebook-ке кіруге тыйым салуға тура келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Зеленский "лайк үшін реформа жасайтын" министрлерге желіге кіруге тыйым салды

Владимир Зеленский. Фото: life.ru

Зеленский жас министрлердің алғашында БАҚ өкілдерінен қашып, қаралым және лайк саны бойынша желі қолданушыларының алдында жарысып жүргенін сөз етті.

Украина басшысы әлеуметтік желіге тіркелмеген ел тұрғындары да бар екені туралы билік өкілдерінің есіне салуға мәжбүр болған.

Алайда аталмыш жағдай өзгермегенде ол Гончарукпен сөйлесіпті.

"Мен Лёшамен кездесіп: "Бізге жұмыс істеу керек. Сол үшін министрлерге жұмыс күнінде, қызмет барысында Facebook және өзге де желілерді қолдануға тыйым саламыз. Бұл не қылған ойындар? Не болып жатыр, бұл не деген пионер-лагерь?" деп ескерттім", —делінген Зеленскийдің "Украинская правда" газетіне берген сұхбатында.

Дегенмен президент бұдан кейін де кейбір министрлердің Facebook қолданушылары "Керемет" деп айтатындай реформалар жасауын жалғастыра бергенін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Зеленский "лайк үшін реформа жасайтын" министрлерге желіге кіруге тыйым салды