2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алматы облысында үй қызметшісін жалдағандар сан соғып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында тәртіп сақшылары үй иелерін тонап кеткен үй қызметшісін анықтап, тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында қызметші үй иелерін тонап кетті

Фото: polisia.kz

9 маусымда Кербұлақ аудандық полиция бөліміне Қоғалы ауылының 67 жастағы тұрғыны 350 мың теңге көлеміндегі қаржысын ұрылардың үйінің терезесі арқылы кіріп қолды қылғаны туралы арызданған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі 3-тармағы (тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша тіркелген.

Осыдан кейін күдікті ретінде Ескелді ауданының 37 жастағы тұрғыны қолға түскен. Ол ұрланған ақшаға ауыл дүкендерінің бірінен әмиян мен көзілдірік сатып алу кезінде ұсталған.

"Жеке тексеру қорытындысына сәйкес күдіктіден қолды болған ақша соммасы толық емес күйінде алынды, әйелдің қалған сомманы қайда жұмсағанын тергеу амалдары анықтап жатыр", – деп хабарлады Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлішер Каптағаев.

Белгілі болғандай күдікті арызданушының үйінде екі күн бойы үй қызметшісі болып жұмыс істеген. Ал үй иелерінің қонақ бөлмедегі сандықта үлкен ақша сомасын сақтайтынын кездейсоқ білген.

Ұрлық жасауға бел буған ол түнгі 03.00 шамасында терезе арқылы ақшаны алып, жасырынған.

Қаржының заңды иесі полицейлерге кәсіби шеберлігі мен жеделдігі үшін алғыс білдірді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Полицияның мәліметінше, күдікті келіншек 2004 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ Ерлан Тұрғымбаев онлайн-сатып алу кезінде қазақстандықтарды қырағылық танытуға шақырған еді.

Себебі оқшаулану режимі кезінде қашықтықтан сатып алу мен онлайн тапсырыс берудің кең таралуы интернет-алаяқтық санының күрт өсуіне әсер еткен.

Мәселен жақында ғана оңтүстік астанада интернет арқылы айла-тәсілдер схемасын ұйымдастырған топтың жолы кесілген. Олар жалған криптовалютаны айналымға енгізіп, бір миллиард теңге көлемінде азаматтардың ақшасын қолды қылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында үй қызметшісін жалдағандар сан соғып қалды