Выйти
RU

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны неге аз: Песков жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны өзге елдермен салыстырғанда аз екені "қызық" құбылыс» деген мәлімдемесіне жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны неге аз: Песков жауап берді

Дмитрий Песков. Фото: ТАСС

Песковтың айтуынша, ресейлік деректерде таңғаларлықтай ештеңе жоқ.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі тиіпті органдар ДДСҰ-мен байланыста екенін атап өтіп: «Олар бұл мәселенің шешімін тауып, ДДСҰ-ның барлық сұрағына жауап береді деп ойлаймын», - деді.

Путиннің баспасөз хатшысы өліміне коронавирус инфекциясы себеп болғандарды есептеу тәсіліне қатысты сұраққа жауап бермеді.

«Мен бұл сауалға қатысты ештеңе түсіндіре алмаймын. Оған эпидемиологтарымыз лайықты жауап береді деп үміттенемін», - деп сұрақты сала мамандарына жолдады.

Айта кетерлігі, сәрсенбі күні Женевадағы брифингте ДДСҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі директоры Майкл Райан Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны басқа елдермен салыстырғанда аз екенін «қызық» құбылыс деп атады.

ДДСҰ мемлекеттерге COVID-19-дан болған өлімге қатысты стандартты ұсыныс пен сертификация таратты.

Дегенмен, директордың сөзінше, бұл күрделі процедура, себебі өлімге себеп болатын жанама жайттар болуы мүмкін.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны неге аз: Песков жауап берді