Выйти
RU

Қарағанды облысында санитарлық дәрігер коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында санитарлық дәрігер коронавирустан қайтыс болды. Ол 67 жаста болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бас санитар дәрігер коронавирустан көз жұмды

Көрнекі фото: NUR.KZ

10 маусым күнгі ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан болған алтыншы өлім тіркелген.

Марқұм азамат 1953 жылы туған. Бүгін оның облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің бірінде санитарлық дәрігер болып жұмыс істегені анықталды.

"Марқұм расымен де санитарлық дәрігер болып жұмыс істеген. Ол өмірін біздің қызметке жұмсады және коронавируспен күрес уақытында дәрігер қызметінде қайтыс болды. Басқа ештеңе айта алмаймыз", - дейді Қарағанды облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі кезде шахталы өңірде бүгінгенге дейін коронавирус жұқтырудың 1290 дерегі тіркелген.

Олардың арасында медицина, әкімдік, полиция мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері бар.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13558-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 239 адамнан коронавирус табылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында санитарлық дәрігер коронавирустан көз жұмды