Выйти
RU

ДДСҰ Африкада Эбола безгегінің өршу қаупі жайлы ескертті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Африка елдерінде Эбола безгегі қайта өршуі мүмкін деп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДСҰ Африкада Эбола безгегінің өршуін ескертті

Көрнекі фото: wikiway.com

"Эбола тағы бір жерде қайта пайда болады. Алайда біз оны айналып өтуге бұрынғыдай ауқымды түрде таралуына жол бермеуге дайын болуымыз керек. Бізде ұқсас жағдайлар арасында қайталанып отырады. Мәселе аурудың таралуы мен Конго Демократиялық Республикасынан тыс жерлерде де өршуін қалай тоқтататынымызда болып отыр", - дейді Эболаның белең алуы бойынша КДР-дағы ДДСҰ өкілі Нгой Нсенга.

Ол вакцинация мәселенің негізгі шешімі болады деп отыр.

"Вакцинациялау жақсы тәсіл болады, бірақ қазіргі уақытта вакцинаны барлығына береді деп ойламаймын. Ол тек ауру өршігенде пациенттермен байланысқа түскендерге ұсынылады", - дейді Нсенга.

Конго демократиялық республикасындағы Эбола өршуіне қарсы күрес жайлы айта келе, Нсенга елде дертпен күресетін медицина қызметкерлері көп екенін атап өтті.

Алайда, ДДСҰ өкілінің сөзінше, аурумен күреске қыруар қаражат кетеді. Мәселен дерт ошағына жету қиындық тудыратындықтан қосымша логистикалық мәселелер туындайды.

Басылымының мәліметінше, Эбола безгегінің жаңа өршуі 1 маусымда Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысындағы Мбандака қаласында байқалған.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі сенатта міндетті вакцинациялау жайлы қоғамда дау тудырған нормаға қатысты пікір білдірген еді.

Айтуынша, аталған норма қауіпті инфекциялық аурулардан қорғау үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында қажет.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ Африкада Эбола безгегінің өршу қаупі жайлы ескертті