RU

Алматы мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылды

Алматыда мешіттерде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

9 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын.

"Алайда Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады. Тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі. Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек.
Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты. Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз", - делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 13 558-ге жеткен. Олардың 2957-і Алматы қаласынан.

Жалпы оңтүстік астана елде COVID-19 анықталғандар саны бойынша көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860021-almaty-mesitterinde-namaz-okuga-sekteu-kojyldy.html