Выйти
RU

Bek Air компаниясынан билеттер үшін 52 млн теңге талап етуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Bek Air әуе компаниясына қарсы талап арыз сомасы 52 миллион теңгеге дейін өсті. Компанияның клиенттері тоқтатылған рейстер үшін ақшаларын қайтарғысы келеді. 161 адам өтініш білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

оооооооооо

Фото: NUR.KZ

11 маусымда Bek Air әуе компаниясына қатысты басты сот отырысы онлайн режимде өтті.

Отырыс барысында сот жәбірленушілердің сөзін тыңдады. Әуе компаниясы билеттердің қайтарымсыз тариф бағасымен сатылғанын айтып, билеттерді қайтарудан бас тартқан

Өтініш білдіріп, талап еткеннің бірі Алтын Ільясова. Ол әуе компаниясы кінәлі деген ойынан арылмақ емес, себебі рейс тоқтатылды, өзі сияқты клиенттер сатып алған билеттерін қолдана алмаған.

"Менің билеттерім жарты жыл бұрын сатып алғандықтан, қайтарымсыз тарифтегі бағамен сатылған билеттер болды. Бірақ хабарлама болды ма, хабарлама болмады ма, іс жүзінде рейс тоқтатылды. Біз физикалық тұрғыда билеттерімізді қолдана алмадық. Бұл – біздің емес, әуе компаниясының кінәсі",– деп өз наразылығын білдірді Алтын Ільясова.

Сонымен қатар, сотқа жүгінген жолаушылар билеттер сатып алынған агенттіктен төлемдердің бір бөлігін мойынына алуын сұраған.

Алайда компания өкілі агенттіктің жолаушы мен тасымалдаушы арасындағы делдал екенін ескеріп, бұдан бас тартқан.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 12 адам қаза тапты, тағы 66 адам жарақат алған еді.

Қайғылы оқиғадан кейін Bek Air-ге ұшақтарының ұшуына тыйым салынды. Компаниядан әуе кемесі мен ұшуға жарамдылық сертификаттары қайтарып алды.

Ал жолаушылар қолданылмаған билеттерінің құнын қайтаруды талап ете бастады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Bek Air компаниясынан билеттер үшін 52 млн теңге талап етуде