2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"25 келі салмақ тастадым": Коронавирус жұқтырған шетелдік азамат 36 күн комада жатқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан арқылы жұбайымен демалыстан үйіне қайтып бара жатқан Эрик Вэкстайн есімді шетелдік азамат коронавирус жұқтырып, қазақстандық ауруханаға түскен. ер адамның айтуынша, ол COVID-19-ды жұқтырғандарға арналған республикалық қарқынды терапия орталығында алғашқылардың бірі болып емделген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия арнасына сілтеме жасап.

"25 келі салмақ тастадым": Коронавирус жұқтырған шетелдік азамат оқиғасымен бөлісті

Фото: Видеодан кадр

Мекемеде Эрикті өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. Ол 36 күн комада жатқан. Ал көзін ашқанда, өмірге екінші рет келгенін түсінген.

"Менің сөзіме мүлдем сенбейтін адамдарға бір нәрсе айтқым келеді. Мен 25 келі салмақ тастадым. Аяғым жансызданып қалды. Қазіргі таңда қайта жүруді үйреніп жатырмын. Мен не дәретханаға не ас бөлмесіне дейін өздігіммен бара алмағандықтан, барлығы көмектесіп, мені тамақтандырды", - дейді коронавирусты жеңіп шыққан Эрик Вэкстайн.

Сондай-ақ, Эрик баршаға сақтық шараларын сақтап, жағдайға бейжай қарамауға шақырады.

"Аса қажет болмаса, адамдар көп жиналған жерге бармағаныңыз жөн. Вирус жұқтырып алуыңыз мүмкін, бұл тым қауіпті. Өмір өте құнды. Біздің өміріміз, денсаулығымыз маңызды", - дейді Эрик Вэкстайн.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус жұқтырған Қарағандыдағы Балалар ауруханасының реаниматология бөлімінің меңгерушісі өз оқиғасын баяндаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"25 келі салмақ тастадым": Коронавирус жұқтырған шетелдік азамат 36 күн комада жатқан