2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Лукашенко барлық елдерді коронавирусқа қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Беларусь президенті Александр Лукашенко барлық елдерді коронавирус пандемиясына қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Лукашенко барлық елдерді коронавирусқа қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды

Александр Лукашенко. Фото: president.gov.by

Лукашенко денсаулық сақтау министрі Владимир Караникпен кездескен. Әңгіме барысында ол қазіргі уақытта әлемде пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін екендігі туралы жиі айтылып жатқанын атап өтті.

"Иә, әзірге бәрі анық емес, түсініксіз және тағы сол секілді. Бірақ егер екінші толқын басталар болса, онда біздің жол – барлық мемлекеттер жүруі тиіс болған жол", – дейді Лукашенко.

Айта кетейік, Беларусьте 51 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Елде қатаң карантиндік шектеулер қойылмаған. 9 мамырда Минск қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай шеру өткен болатын.

Лукашенко экономикалық себептер бойынша карантин енгізбеу туралы шешімін түсіндіріп, әлемдегі коронавирус пандемиясы айналасындағы жағдайды бірнеше рет "психоз" деп атаған.

Ол Беларусь билігі инфекцияның таралуына қарсы күресте еш қателеспегенін алға тартты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жібергенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Лукашенко барлық елдерді коронавирусқа қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды