Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус белгілері жоқ тағы 630 адам белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ тағы 630 адам тіркелді. Осылайша, COVID-19 белгілері байқалмаған тасымалдаушылар саны 3159 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус белгілері жоқ тағы 630 адам анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"2020 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 630 тасымалдаушы тіркелді.
Олардың 385-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 421-і Алматы қаласынан, 395-і Шымкент қаласынан, 30-ы Ақмола облысынан, 60-ы Ақтөбе облысынан, 214-і Алматы облысынан, 343-і Атырау облысынан, 136-ы Шығыс Қазақстан облысынан, 46-ы Жамбыл облысынан, 249-ы Батыс Қазақстан облысынан, 428-і Қарағанды ​​облысынан, 28-і Қостанай облысынан, 82-і Қызылорда облысынан, 130-ы Маңғыстау облысынан, 35-ы Павлодар облысынан, 103-і Солтүстік Қазақстан облысынан, 74-і Түркістан облысынан", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 314 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 872-ге жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте 248 адам коронавирустан емделіп шыққан. Қазіргі таңда жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 8593-ке жетіп отыр. Ал 67 адам коронавирустан қайтыс болған.

Айта кету керек, премьер-министрдің орынбасары ауру жұқтырғандар саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860037-elimizde-koronavirus-belgileri-zok-tagy-630-adam-anyktaldy/

pixel