Выйти
RU

Асхат Садырбай коронавирус туралы: Енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай коронавирус пандемиясына қатысты өз ойын ортаға салды. Ақпарат өкілі бүгінде күллі әлем күресіп жатқан қауіпті инфекцияның бар екеніне сенбейтін халыққа ашуланып, оларға ақиқатты түсіндірмек болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay.

Асхат Садырбай Instagram парақшасында коронавирус жайлы жазба жариялап, онда індеттің барына сенбейтін желі қолданушысына жауап берді. Журналист орын алған пандемия салдарынан енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайтынын жеткізді.

"Кеше испан суретшісінің суретін салған постқа бір оқырман “қайдағы вирус, өтірік, вирус жоқ” деп жазып кетіпті. Вирустан зардап шегіп, үлкен қиындықты бастан өткеріп жатқан әлем ақымақ та, ол кісі ақылды екен.. Мойындасақ та, мойындамасақ та COVID-19 дың әсерінен әлем үлкен өзгерісті бастан кешіп жатыр. Өте үлкен перезагрузка. Енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайтынына көз жетуде" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай қыз тәрбиесі туралы түсірілген атышулы бейнероликке қатысты пікір білдірген еді. Белгілі журналист бейнежазба авторлары мен оған тапсырыс берушілерді сынға алып, ел арасында шу тудырған видеоны түсіруге жұмсалған қаржыны қандай игі бастамаларға жаратуға болатынын айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Асхат Садырбай коронавирус туралы: Енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайды