Выйти
RU

COVID-19 туралы алғашқы болып ескерткен марқұм дәрігердің ұлы дүниеге келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Уханьда коронавирустың жаңа індеті туралы бірінші болып хабарлаған және COVID-19-дан қайтыс болған қытай дәрігері Ли Вэньляннің жұбайы дені сау нәрестені дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Уханьда қайтыс болған дәрігердің COVID-19 туралы ескерту жасаған әйелі ұл туды

Көрнекі фото: Andrey Rudakov/Bloomberg/Getty Images

Басылымның хабарлауынша, ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, дендері сау.

Марқұм дәрігердің әйелі Фу Сюйзи WeChat әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм жарына арнап жазба қалдырды.

"Сіз мұны жұмақтан көріп тұрсыз ба? Сіздің маған деп қалдырған соңғы сыйлығыңыз бүгін дүние есігін ашты", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Ухань орталық ауруханасының дәрігері Ли Вэньлян 30 желтоқсанда WeChat әлеуметтік желісі арқылы әріптестеріне "Хуанань" теңіз өнімі базарында SARS вирусының жеті жағдайы расталғанын жазған.

Ол жаңа коронавирустың басқа штаммға жататынын білмеген. Ли Вэньлянның жазбасы Қытайдың әртүрлі әлеуметтік желілерінде жылдам таралып кетті.

Келесі күні әлеуметтік желілерде аурудың өршіп бара жатқаны туралы хабарлаған Ли Вэньлян мен тағы да жеті дәрігер Ухань қалалық полициясына шақырылған.

Оларға ескерту жасалып және бұдан былай қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін "жалған онлайн мәлімдемелерді" жасауға тыйым салған.

Ли өзінің Weibo жүйесіндегі ресми аккаунтында 11 қаңтарда жөтел мен жоғары температура пайда болғанын жазды.

Соңғы жарияланымында дәрігер өзінің коронавирус жұқтырғаны расталғанын жазған. Ли Вэньлян қайтыс болғанда, оның артында аяғы ауыр жұбайы мен баласы қалды.

Наурызда Ухань қалалық полициясы Қытай жұрты батыр санайтын марқұм дәрігердің отбасынан кешірім сұрады. Уханьға жағдайды зерттеу үшін келген арнайы мемлекеттік комиссияның тексеру нәтижелерін шығарғаннан кейін ел полициясы да кешірім сұрады.

Хубэй үкіметі сәуірдің басында Ли Вэньлянға "құрбан болған батыр" атағын берді. Бұл өмірін мемлекетке, қоғамға және адамдарға қызмет етуге арнаған азаматтарға коммунистик партия мен мемлекет табыстайтын ең жоғары құрметті атақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19 туралы алғашқы болып ескерткен марқұм дәрігердің ұлы дүниеге келді