Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Тілеуханнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып алған. Бұл туралы халық қалаулысы өзі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекболат Тілеухан. Фото:instagram.com/bekbolat.tleukhan
Бекболат Тілеухан. Фото:instagram.com/bekbolat.tleukhan: Depositphotos

Бекболат Тілеухан өзінен COVID-19 инфекциясы анықталғаны жайлы Instagram парақшасында жазған.

"Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр.
Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.
Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын.
Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін.
Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!", - дейді депутат.

Айта кетейік, таяуда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус анықталғаны хабарланған. Күні кеше қала басшысының вирустан жазылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар таяуда ғана Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан коронавирустан емделіп шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860054-bekbolat-tileuhannan-koronavirus-anyktaldy/

pixel