Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлы дала қыздары": Ұлттық киімдегі Сәдуақасова мен Еділбаева елді тәнті етті (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әншілер Мадина Сәдуақасова мен Индира Еділбаева ұлттық киімдегі образдарын паш етіп, көпшілікті тамсандарды. Қазақша көйлек киіп алған қос ару табиғат аясында өткен ерекше түсірілімге қатысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/indi_edilbayeva/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/indi_edilbayeva/sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желіде Мадина Сәдуақасова мен Индира Еділбаеваның қазақ ұллттық киімімен түскен суреттері тарап кетті. Онда қос әншінің тау бөктерінде жүргенін байқауға болады.

Өнер иелері құпия жобаның түсірілімінде жасалған фотолармен өздерінің Instagram парақшаларында бөліскен. Екеуі де көпшілікке ұлттық үлгідегі образдарын көрсетіп, елді тәнті етті.

"Қазақ ұлттық киімімен сүйікті халық әнін орындап, өзімді нағыз ұлы дала қызы ретінде сезіндім" , - деп түсірілімнен алған әсерін жасырмады Еділбаева.

Желі қолданушылары бір мезетте орта ғасырдың хас сұлулары болып шыға келген шоу-бизнес сылқымдарына қатысты өз пікірлерін білдірген. Өнер иелерінің ұлттық образы көптің көңілінен шығып, жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды.

"Ұлттық киім сіздерге сондай жарасымды. Нағыз ұлы дала қыздары сияқтысыздар" , "Өте қатты жарасады, киім де түсірілм өткен жер де тамаша" , "Сұлусыздар, сөз жоқ. Ал ұлттық киім сіздерді одан бетер ажарландырып тұр" , "Сұлулықтарыңызға көз тоймайды" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1860056-ly-dala-kyzdary-lttyk-kiimdegi-sduakasova-men-edilbaeva-eldi-tnti-etti-foto-video/

pixel