Выйти
RU

"Мақтаншақ": Ерке Есмахан қымбат аяқ киімдерін көрсетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өз гардеробындағы ең қымбат аяқ киімдерін көрсетті. Өнер иесі бірінен бірі өтетін туфлилары мен дизайнерлік кроссовкаларын ел назарына паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан өзінің бағалы аяқ киімдерін киіп көрсеткен видеосымен Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан эстрада жұлдызының көбіне туфли мен кроссовкаларды таңдайтынын байқауға болады.

Әншінің жариялаған видеосына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі шоу-бизнес өкілінің талғамына жоғары бағасын беріп жатса, енді бірі оны асқан мақтаншақтық танытты деп сынға алды.

"Мың қырық бес аяқ киіміңіз бар екен" , "Талғамыңыз күшті. Бәрі ұнады" , "Туфли мен кроссовка басым екен" , "Түрлі-түрлі аяқ киім бар екен. Біреуін сыйлаңызшы" , "Бәрі дизайнерлік екен. Қымбат шығар" , "Мақтанып не болды?" , "Мақтаншақ екенсіз. Халық аш отырғанда бұлай жасамасаңыз болар еді" , "Қызық екен аяқ киіммен мақтанған" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов те бұл флэшмобқа қатысып, өзінің қымбат аяқ киімдерін көрсеткен еді. Әншінің аяқ киімдерінің барлығы бір-біріне ұқсамайды. Оған қоса, Кәрімовтың тек дизайнерлік заттарға құмар екені қалың көпшілікке мәлім. Соған байланысты желідегілер видеодағы аяқ киімдердің аса қымбат тұратынын болжады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мақтаншақ": Ерке Есмахан қымбат аяқ киімдерін көрсетті (видео)