Выйти
RU

"Үйленем": Әлішер Кәрімов өзінен бес жас үлкен әншіні жар еткісі келіп жүр ме (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Әлішер Кәрімов желіде үйленетінін хабарлап, барша жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Көпшілік өнер иесінің таңдауы кімге түскенін біле алмай әлек болғанда, ол өзінен бес жас үлкен әнші Нұргүл Нұғымановамен түскен видеосын жариялап, көпшілікті одан бетер таңғалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әлішер Кәрімов Instagram парақшасында екі ойлы жазбамен бөлісіп, халық арасында қызу талқыға түсті. Әнші жақын арада үйленетінін хабарлап, Нұргүл Нұғыманованы жар етуге ниетті екенін айтты.

Өнер иесі өзінен бес жас үлкен әріптесімен отбасын құрмақ ойы барын өзі жариялаған видеода айтып қалды. Бейнежазбада Нұғыманова кадрда тұрған Кәрімовтың артынан шыға қалып, оның түсіріліміне кедергі келтіреді.

Ол бойы қатты қысқа болғандықтан өзін ешкім жар еткісі келмейтінін айтып шағымданғанда, Әлішер оны өзі алатынын жеткізеді. Бірақ, эстрада жұлдызы "қалыңдығына" оған бала туып беруге міндетті болатынын түсіндіріп, өз шартын қояды. Нұргүл Нұғыманов оның айтқанын толығымен қолдап шығады.

Желідегілер шоу-бизнес жұлдыздарының видеосына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі қос әншіге бақыт тілеп жатса, енді бірі олардың өзара қалжындасып жатыр деп есептейді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үйленем": Әлішер Кәрімов өзінен бес жас үлкен әншіні жар еткісі келіп жүр ме (видео)