Выйти
RU

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмен адамдардың қан тобы қандай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Калифорния штатының ғалымдары қаны бірінші топқа жататын адамдардың басқаларға қарағанда коронавирусы аз жұқтыратынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ғылыми зерттеуге 750 мың адам қатысқан, оның ішінде 10 мыңы – коронавирус жұқтырғандар.

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар қаны бірінші топқа жататын адамдардың басқаларға қарағанда инфекция жұқтыру көрсеткіші 9-18 пайызға төмен екенін анықтады.

Ал қаны үшінші және төртінші топқа жататын адамдардың коронавирусқа жиі жұқтыратыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус жұқтырып, Қазақстандағы республикалық қарқынды терапия орталығында 36 күн комада жатқан шетелдік азамат басынан өткен жағдайды айтып берген болатын.

"Менің сөзіме мүлдем сенбейтін адамдарға бір нәрсе айтқым келеді. Мен 25 келі салмақ тастадым. Аяғым жансызданып қалды. Қазіргі таңда қайта жүруді үйреніп жатырмын. Мен не дәретханаға не ас бөлмесіне дейін өздігіммен бара алмағандықтан, барлығы көмектесіп, мені тамақтандырды", - дейді коронавирусты жеңіп шыққан Эрик Вэкстайн.

Сондай-ақ ол адмдарды сақтық шараларын сақтап, жағдайға бейжай қарамауға шақырады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмен адамдардың қан тобы қандай