Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хоум Кредит банкі» кез келген адамға 3 000 000 теңге аудармақ

Опубликовано:

«Хоум Кредит банкі» VISA төлем жүйесімен бірлесе отырып, алдағы сенбі, 13 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де ресми YouTube-арнасында айрықша науқан өткізеді.

«Хоум Кредит банкі» кез келген адамға 3 000 000 теңге аудармақ

Тікелей эфирде кеш жүргізушісі мен банк өкілдері «Тегін аударымдар шоуының» барлық көрерменіне ақша аударатын болады. Аударымдар сомасы 5000 теңгеден 150 000 теңге аралығындағы соманы қамтиды. Ал жалпы сыйлық қоры 3 000 000 теңгені құрайды.

Науқан шарттары бойынша кез келген қалаған адам аталған күні белгіленген уақытта тікелей эфирге қосылып, шоуды мұқият қарап, жүргізушінің әр тапсырмасын орындауы тиіс. Тапсырмалар қиын емес екенін айта кеткен жөн. Ал Хоум Кредит банкі жеңімпаздар картасына ақшалай аударымдарды жүзеге асыратын болады.

Әр тапсырманың өз құны бар. Осылайша қазақстандықтар 5 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейінгі аралықта ақшаға ие бола алады.

«Мұндай белсенділік науқанының мәні - қазақстандықтарға біздің Home Credit Bank Kazakhstan мобилді қосымшамыздың барлық артықшылықтарын, нақтырақ айтқанда, барлық дерлік банктер картасы арасында тегін аударымдардың жасаудың айрықша қызметін көрсету» - деп түсіндірді банк баспасөз қызметіндегілер.

Қаржы институтының айтуынша, «Тегін аударымдар шоуына» еліміздің кез келген қаласының тұрғыны қатыса алады.

Науқанға қатысу шарттары да оңай - қатысушының жасы 18-ден асқан, смартфоны, планшеті, ноутбугы немесе интернетке қолжетімді кез келген құрылғысы болуы тиіс. Сонымен бірге, сенбі күні сағат 20:00-де банктің YouTube арнасына қосылып, жүгізушінің тапсырмаларын орындап, эфирді отбасымен бірге тамашалауы тиіс. Дәл осы шарттарды орындаған жағдайда қатысушының жеңіске жету мүмкіндігі де мол болмақ.

Ең бастысы, науқан қатысушысында кез келген банктің картасы болуы керек. Себебі, жеңімпаз ұсынған жеке бас деректері расталған соң қаражат дәл сол банк картасына аударылатын болады.

«Банктің қазіргі және болашақ клиенттері үшін сыйлықты ақша түрінде ұсынған әлдеқайда пайдалы әрі ұнамды болады деген шешімге келдік. Сондықтан, біздің шоуды отбасыңызбен бірге тамашалауға кеңес береміз. Біріншіден, бұл жеңімпаз атану мүмкіндігін арттырса, екіншіден, неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым ұтып алатын қаражат мөлшері де қомақты бола түседі», - дейді Хоум Кредит банк өкілдері.

Науқанға қатысудың толық шарттарымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://promo.homecredit.kz/card2cardshow/

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860074-houm-kredit-banki-kez-kelgen-adamga-3-000-000-tege-audarmak/

pixel