Выйти
RU

Түркия мен Мысыр туристер үшін шекараларын ашып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен бейсенбіде Түркия республикасының билігі шетелдік азаматтарға шекарсын ашты. Алайда, Иранмен арадағы шекара жабық күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Мысыр да туристерге өз шекарасын ашатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркия мен Египет туристер үшін шекараларын ашып жатыр

Көрнекі фото: Shutterstock Images

Осылайша, шетелдік туристер еш қиындықсыз Түркияға бара алады. Онда барған барлық азаматтар, соның ішінде түріктердің өзі де міндетті медициналық тексерістен өтетіні туралы хабарланды деп жазады Анадолу.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Мысыр елі де шетелдіктер үшін шекарасын ашпақ. Интерфакс-тың хабарлауынша, туристерге танымал Шарм-эль-Шейх, Хургада және Мерса-Матрух курорттары коронавируссыз аймақ деп жарияланды.

Қонақүйлерге 75 пайызға дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр, ал туристерге қауіпсіздік куәлігі бар болса да, мейрамханалар мен қонақүйлерден тыс жерлерде тамақ пен сусын сатып алмауға кеңес берілді.

Егер турист Мысырда коронавируспен ауырып қалса, онда оған тегін дәрі-дәрмектер мен емдеу ұсынылады.

Сондай-ақ, әуежайда шетелдіктер КВИ-мен ауырмағанын және аурумен жақын байланыста болған тұлға еместігін растайтын құжатқа қол қоюы керек.

Вирустың таралуы шегіне жеткен елдерден Мысырға келген азаматтарда Covid-19-ға тапсырған тест нәтижесі теріс екенін көрсететін анықтама болу керек.

Егер туристе мұндай анықтама болмаса, олар ол Мысыр әуежайында тест тапсыруға мәжбүр болады. Тест нәтижелері дайын болғанға дейін әуе айлағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынады.

Бұл процесс шамамен төрт сағатқа созылатыны атап өтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов Түркия мен Қазақстан арасындағы халықаралық әуе қатынастарын маусым айында қайта жандандыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркия мен Мысыр туристер үшін шекараларын ашып жатыр