Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған тұрғынмен байланыста болған Жезқазған әкімі оқшауланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін коронавирус жұқтырған тұрғынмен байланыста болған Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазған әкімі Covid-19 жұқтырғанмен байланыста болғаннан кейін оқшауланды

Фото: policy.jezkazgan.gov.kz

Белгілі болғандай, Қайрат Бегімов ПТР тестін өткізген, ал өз кезегінде әкімде коронавирус инфекциясының жоқ екені көрсеткен.

Алайда, болуы мүмкін инкубациялық кезеңге байланысты ол бүгінге дейін үйінен шықпай, карантинді сақтап отыр. Соған қарамастан, әкім жұмысын қашықтықтан жалғастыруда.

"Қазіргі таңда қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Оның ішінде Жезқазған әкімдігі мен қала әкімі Қайрат Бегімовтің өзі де бар.
Ол бұрын жұмысы барысымен халықпен кездесуге шығып, ауру белгілері жоқ вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.
Осы жағдай анықталғаннан кейін Қайрат Бегімов ПТР-тест тапсырды және өзін-өзі оқшаулады. Талдау нәтижелері теріс болып шықты. Алайда әзірге әкім үйіден жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Жезқазған қаласының аумағында 13 маусымнан бастап блок-бекеттер қойылады. Бүгінде қалада ауру жұқтырудың жоғарғы өсімі тіркелген.

Сондай-ақ, блок-бекеттер Шет ауданының Жарық ауылында және Қарқаралы ауданында пайда болады.

Бұл жерде де COVID-19 жұқтыру деректері тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған тұрғынмен байланыста болған Жезқазған әкімі оқшауланды