Выйти
RU

Желіде Тоқаевты ұлықтау рәсіміне бір жыл толуына орай бейнеролик пайда болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде Қазақстан президенті болғанына бір жыл толды. Осыған орай мемлекет басшысының телерадиокешені бейнеролик жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТРК-ның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды: instagram.com/ptrk.kz

Кадр видеодан алынды: instagram.com/ptrk.kz

Шығармашылық бейнеролик Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылдығына арнайы жасалған.

Роликтің авторлары суреттердің орнына Қасым-Жомарт Кемелұлының, Нұрсұлтан Әбішұлының портреттерін қолданған.

Сонымен қатар, бейнероликтің авторлары мемлекет басшысы туралы, оның қызметі жайлы қызықты етіп әңгімелеген.

Шығармашылық бейнеролик желі қолданушыларының көңілінен шыққанын айта кету керек.

"Күшті, мұндайды күтпеппін", "Креативті", "Керемет", "Тарихи жайттың бір жылдығымен. Президент мырзаға құрмет!", – деп жазды пікір білдірушілер.

Еске сала кетейік, президентті ұлықтау күні NUR.KZ редакциясы Тәуелсіздік сарайынан онлайн-хабар таратқан болатын.

2019 жылғы 12 маусым күні Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті атануына орай салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы ант қабылдап, президент төлқұжатын иеленді.

Сағат 11.40-та Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті міндетіне ресми түрде кірісті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде Тоқаевты ұлықтау рәсіміне бір жыл толуына орай бейнеролик пайда болды (видео)