Выйти
RU

Елорданың санитарлық дәрігері: Ауырғандар саны өссе, карантинді қатаңдатуға мәжбүр боламын

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында елорданың бас санитарлық дәрігері ұйымдардың жетекшілерін қызметкерлерінің денсаулығына немқұрайлы қарады деп айыптады. Ол вирус жұқтырғандардың саны бұдан да көбейсе, Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілетінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Санитарлық дәрігер Жанна Пралиева астаналық ұйымдардың басшыларын қызметкерлердің денсаулығына немқұрайлы қарады және карантин шараларын орындағысы келмеді деп айыптап, оларға жүгінді.

"Мен сіздерден ойлануларыңызды сұраймын", - деді санитaрлық дәрігер.

Пралиева карантинді елемеу қаладағы коронавирус жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік бермей отырғанын айтады.

Санитарлық дәрігер елорда ұйымдарындағы пациенттер санының артқан жағдайда қызметтік құзыретін пайдалана отырып, Нұр-Сұлтандағы карантинді күшейтете алатынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиялық жағдайға тікелей байланысты болмақ.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 13872-ге жеткен. Олардың 2670-і Нұр-Сұлтан қаласынан.

Айта кетейік, 13 маусымнан бастап Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі. Өңірде 77 нысанның карантин режимін бұзғаны анықталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елорданың санитарлық дәрігері: Ауырғандар саны өссе, карантинді қатаңдатуға мәжбүр боламын