Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласының отасына қаржылай көмек сұраған ана жиналған ақшаға төсін үлкейткен

Опубликовано:

Англияның 29 жастағы тұрғыны Натали Уэбстер өзінің кіші баласының жүрегіне ота жасау үшін қаражат қажет екенін айтып, ғаламторда арнайы науқан ұйымдастырды. Алайда кейінірек белгілі болғандай, келіншек қайырымды жандар жинаған ақшаға кеудесін үлкейткен деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Баласының отасына қаржылай көмек сұраған ана бар ақшаға кеудесін үлкейткен
Фото: bigpicture.ru: UGC

Полиция бес баланың анасын отаға жиналған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсады деген күдікпен құрықтады.

Натали ғаламторда кіші ұлы үшін қайырымды жандардан көмек сұраған. Осылайша, әйел 10 мың фунт стрелинг жинапты. Ал бір ай бұрын Наталидің күйеуі қаражат жинауды жалғастыра беретінін хабарлады.

Алайда кейінірек баланың отасына ақша жинаумен айналысқан ұйымға аталған қаржының тек жартысы түскені анықталды. Оны білген қайырымды жандар бірден полицияға шағымданды.

Баланың еміне деп 135 фунт стерлинг берген Наталидің көршісі енді ақшасын қайтарып алмақ.

"Бір қызығы, ақша жиналғаннан кейін ода кеуде үлкейтуге және көлік сатып алуға қаражат пайда бола қалды. Ал өткен жылы олар күндерін әзер көріп жүрген еді", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860108-balasyny-otasyna-karzylaj-kmek-sragan-ana-zinalgan-aksaga-tsin-lkejtken/

pixel