2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Пакетпен тұншықтырған: Шымкентте екі баласы бар әйелді ұрып кеткен күдікті ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полицейлер Шымкент тұрғынын аяусыз соққыға жыққан күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пакетпен тұншықтырған: Шымкентте әйелді аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды

Жәбірленуші. Фото: instagram.com/nemolchi.kz. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл жантүршігерлік оқиға көпшіліктің назарына бірден ілікті. Күні кеше Шымкентте екі баласы бар келіншектің жұмыстан қайтып келе жатқанда аяусыз соққы астында қалғаны туралы ақпарат желіде желдей есті. Арам пиғылды азаматтар көптеген жарақат алған әйелді пакетпен тұншықтырып, тістерін сындырған екен. Олар нәзік жандыны зорлаған болуы да мүмкін.

Тәртіп сақшылары айуандық әрекет жасаған күдіктінің тұлғасын анықтап, қолға түсіргенін мәлімдеді.

Полиция ақпарынша, іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қозғалған.

39 жастағы Шымкент тұрғынына шабуыл 26 мамыр күні жасалған. Оқиға орнына бірден жедел қызметкерлер аттанған. Тергеу барысында олар аталған қылмысқа қатысы бар адамды тапты.

Ол Шымкент қаласында тұратын 48 жастағы азамат болып шықты.Күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Тергеу аясында қажетті сараптамалар жасалады. Мамандар тиісті қорытындыға келген соң процессуалды шешім қабылданады.

Айта кететін жайт, Шымкент қалалық полиция департаменті жәбірленушіге психолог пен заңгердің көмегін алуға ықпал еткен. Тергеу барысын прокуратура мен полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пакетпен тұншықтырған: Шымкентте екі баласы бар әйелді ұрып кеткен күдікті ұсталды