Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешбір партияда жоқпын": Балғынбек Имаш билікке қатысты бар ойын айтты

Опубликовано:

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш бүгінгі саясат пен билікке қатысты қандай пікірде екенін еш бүкпесіз айтты. Ақын осы күнге дейін ешбір партия құрамында болмағанын алға тартып, митингтер жайлы не ойлайтынын ашық түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balgynbek_official. Коллаж: KAZ/NUR/KZ
Фото: Instagram/balgynbek_official. Коллаж: KAZ/NUR/KZ: Instagram

Балғынбек Имаш Instagram парақшасында көлемді жазба жариялап, қоғам мен биліктегі қазіргі ахуалға тоқталып өтті.

"Елдің бәрі мені "Нұр-Отанның" мүшесі деп ойлайды. Осы уақытқа дейін ешқандай партияның құрамында да, ешқандай мемлекеттік қызметте де жоқпын.

Билікке жақын, халыққа алыс емеспін. Мақтайтын жерде мақтаймын, сынайтын жерде сынаймын. Мемлекетке, жүйеге, қоғамға, демократияға, митингке қатысты менің өз ұстаным бар. Ол біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Арандататын сұрақ қойып, жағымсыз пікір жазатындар фейк акаунттар.

Енді, мен өз пікірімді айтайын: Бұрынғы авторитарлы Одақтан бөлініп шыққан тәуелсіз елдердің бәрі авторитарлы режимді сақтап қалды, олар бірте-бірте демократияланып келе жатыр. Бірден Еуропаға мойын созған Балтық елдерінен соң, дәл солардай мойын созбаса да бетін бұрған Грузия мен Украинадан басқалары демократияланып кетті деп ешкім айта алмас.
Орта Азияда Қырғыздар басқалардан бір бас жоғары, бір қадам озық. Шамамен Өзбекстанды 0 деп алсақ, Қазақстан +1, Қырғызстан +2, ал Тәжікстан-1, Түркменстан -2" , - деп бастады танымал ақын өз жазбасын.

Белгілі айтыскер полицейлер мәселесін де көтерді. Ол тәртіп сақшыларын "биліктің иттеріне" теңеген дұрыс емес екенін айтты.

"Жалпы алғанда, қара аспанды төндіре берген жақсы емес. Мемлекетке жаның ашыса елді революцияға шақырма, эволюцияға шақыр. Әйтпесе, сәтсіз революцияның арты азаматтық соғысқа, экономикалық дағдарысқа, тіпті, рухани деградацияға алып баруы мүмкін.

Биліктің иттері деп полицияны жамандай беруге болмайды. Олар биліктің емес, тыныштықтың сақшылары. Демократиялық АҚШ-та полиция "жарты патша" емес пе?

Адамға айыппұл салу-салмауы өз еркінде. Құқықтары ерекше. АҚШ азаматтары оларға қарсы әрекет жасамақ түгілі, қарсы сөйлеуге батпайды.

Алпауыт АҚШ-тың өзі бейбіт митинг деп көшеде наразылық білдіргендердің бүлігін баса алмай жатса біздікі не сорым?

"Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты"-ның кебін киіп қалмайық. Тыныштық біздің байлығымыз.

Тәуелсіздік жылдарындағы тұрақтылық маған не берді? 1991 жылы мен 14 жаста едім. Қазір ең кішісінің жасы 10-нан асқан бес ұлым бар. Бес жылдан соң бес ұлыммен алты сарбаз болып кез-келген ішкі-сыртқы жауға қарсы тұрып береміз.

Біліммен де, күшпен де, иманмен де! Ал қазір, Тоқаевтың заманында, ай-күннің аманында митингке шығатын себеп менде жоқ" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860119-esbir-partiada-zokpyn-balgynbek-imas-bilikke-katysty-bar-ojyn-ajtty/

pixel