Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиннің кесірінен шаңырағы шайқалған келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Қостанайлық Айдар есімді жігітпен бас қосқан келіншек карантиннің отбасылық өміріне кері әсерін тигізгенін сөз етті. Айтуынша, ер адам үйде отырған үш айда баласына көңіл бөлудің орнына өзге әйелдермен сөйлесіп, уақыт өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ Cырласу сайтына сілтеме жасап.

Карантиннің кесірінен отбасы шайқалғанын айтқан келіншек жан-сырын ақтарды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Кейіпкердің сөзінше, ол жұбайымен студенттік шақта танысып, бас қосқан.

Сол себепті ер азамат отбасын асырау үшін оқуы жайлы ұмытып, жалдамалы жұмысшы болып қызмет еткен.

"Күйеуім екеуіміз студенттік шағымызда ата-ана атанғандықтан мен оқудан шығып, баламен үйде отыруға мәжбүр болдым, ал Айдар күнделікті нанымызды табамын деп әуелі шәкіртақысынан қағылып, кейін үлгерімінің нашарлауынан оқудан да шыға жаздады.

Содан академиялық демалыс алып, жалдамалы жұмысшы болып жұмысқа тұрды. Ол жұмысында сол күйі қалып қойған соң қызметтік сатымен көтеріліп, басшылығына сыйлы адамдардың бірі атанды.

Айдардың өзіне деген сенімділігі оны алысқа жетелейтінін мен әрдайым білгенмін. Содан айтып не керек, күйеуімнің жұмыста мәртебесі өсті", - дейді келіншек.

Сондай-ақ, кейіпкер елдегі соңғы жағдайлардың оның күйеуінің жұмысына да әсер еткенін сөз етті. Айтуынша, ер адам карантин кезінде үш ай үйде отырып қалған.

"Жолдасым үйде отырған кезде телефоны қолынан бір елі түспеді. Десе де, бір күні ұялы телефонының құпия сөзін көріп қойып, ол ұйықтап жатқанда ішін ашып көруді ұйғардым.

Сөйтсем, мен Құдайдай сеніп жүрген жан-жарым осы күнге дейін бір емес, бірнеше әйелмен сөйлесіп келіпті, тіпті, кездесуге де сөз байласыпты.

Сезімімді ішімде бүге алмай, бірден шу шығардым. Не істерімді білмегеннен киімдерімді жинай бастадым. Намысым жібермей, баламды алып, үйден кетіп қалдым.

Баратын жерім жоқ, пәтер жалдауға тура келді. Бірнеше күннен кейін Айдар келіп, кешірім сұрап, үйге алып кетті. Бірақ маған деген қарым-қатынасы бұрынғыдай емес. Тіпті, суып кеткендей. Не істерімді білмей қалдым. Күйеуімнің опасыздығын қалай кешіремін?", - деп ағынан жарылды келіншек.

Айта кетерлігі, бұған дейін 30 жасқа дейін босаға аттап көрмеген ару өзіне тек отбасылы ер азаматтардың сөз салатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860125-karantinni-kesirinen-sayragy-sajkalgan-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel