Выйти
RU

"Дәлізге рұқсатсыз шықты": Жамбыл облысында дәрігер жігіт мүгедек науқасты тепкілеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы психикалық ауруханада мүгедек науқасты дәлізге рұқсатсыз шығып кеткені үшін ұрып-соққан. Медициналық қызметкер оны өзі ғана соққының астына алмай, диспансердегі өзге науқастарға да тепкілеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Фото: azattyq-ruhy.kz

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған жағдай "Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінде" бір апта бұрын орын алған. 

1973 жылғы Берікәлі Сүйінбаев 33 жылдан бері мүгедек. Оны 14 жасында ауылдың жігіттері аяусыз тепкілеп кетіпті. Соның салдарынан жамбылдық азамат ұзақ уақыт емделген.

Алайда ол басынан алған қатты соққыдан толық емделіп кете алмай, жарымжан атанады. Кейін дәрігерлер ер адамға шизофрения диагнозын қойыпты.

Мүгедек жігіттің ұйқысы бұзылған соң, туыстары екі аптаға диспансерге жатқызған көрінеді.

"Бұл жерде карантин болып жатқандықтан бізді науқастарға жібермейді. Тек қабылдау бөлімі арқылы тамақ, өзге де қажетті заттарын беріп тұрдық. Екі күн алдын мені ішке жіберді.

Алдымнан шыққан бөлім меңгерушісі маған Беріктің төбелес шығарғанын айтып, оны кінәлай бастады.

Ініммен кездескен уақытта оның көзі көгергенін, соққыға жығылғанын байқадым. Жағдайды сұрағанда, ол "медбраттың" өзін ұрып тастағанын, қалай қинағанын көрсетті", - деді науқастың туған әпкесі Сәуле Сүлейменова. 

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сәуленің сөзінше, інісінің соққының астына түсуіне дәлізге рұқсатсыз шығып кетуі себеп болған. Берік өзіне туыстары сәлемдеме беріп жіберген деп ойлап, шатасып қалған көрінеді.

Бұл әрекеті үшін медқызметкер Берікті тепкінің астына алыпты.

"Берікті ұрған медқызметкер Николай Бондорцов есімді еңгезердей жігіт екен. Бір өзі ұрып қана қоймай, диспансерде бұрыннан жататын науқас жігіттерге де тепкілеткен. Қолын қайырып құлатып, жабылып соққыға жыққан.

Інім көмек сұрап, дауыс шығармас үшін жағын басымен бірге орап, таңып тастаған. Аяқ-қолын бинтпен байлап, тұра алмайтындай етіп жатқызып тастаған. Бауырым түнімен көмек шақыра алмай әрі шөлдеп қиналып, өлік сияқты қозғала алмай жаттым деді.

  • Онымен отыз жылдан бері бірге тұрамын, үйде немерелерім, келінім, бәріміз бірге тұрамыз. Ол ешқашан біреумен төбелескен емес, айғайлап ұрыс шығарғанын да көрмегенмін.
Ол сәби сияқты, мүгедек адам. Бала секілді жаутаңдап тұрады. Ауруы қозғанда түнімен қиналып, ұйықтай алмайды.  Сол себепті жылына бір рет осы ауруханаға жатқызып емдетеміз. Бұл жердегі науқастарды көрсеңіз, өзінен-өзі бір нәрседен қорқып тұрады", - деді науқастың әпкесі.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Фото: azattyq-ruhy.kz

Фото: azattyq-ruhy.kz

Сәуле болған жағдайды бөлім меңгерушісіне жеткізген. Алайда, ол мәселені шешудің орнына, науқастарды кінәлап, тіпті туысының көзінше Берікті қорқытуға көшкен көрінеді.

Бірақ "құпия" ашылып қалғаннан кейін, диспансер басшылары кешірім сұрап, аталған оқиғаны ешкімге айтпаңыздар деп өтініпті. 

"Олар кабинетке інімді соққыға жыққан Николайды шақырып, менің көзімше "Олай айт, бұлай айт" деп ініме ұрыса бастады.  Мен оларды тоқтатып, сіздердің айтқандарыныз бойынша емес, өзінің көргенін айтсын дедім.

Сол кезде "Ешқайда арызданба" деп дәрігерлер менен кешірім сұрай бастады. Бұл жердегі науқастар онсыз да өмірден қызық көрмеген, көмекке мұқтаж жандар. Оларды осында жатты екен деп қорлауға болмайды ғой.

Аяқ-қолы, басы, аузы байлаулы, әбден таяқ жеген інім сол түні қиналып жатқанда өліп қалса не болар еді? Бастықтар ол кезде не деп ақталар еді?

Қазіргі кезде диспансердегі дәрігерлер таныс арқылы қайта-қайта хабарласып, арыз жазбасын деп жатыр. Сонда барлығын үнсіз қоя салуым керек пе? Медицина қызметкері менің көзімше оған тағы айғайлап, ұрысып жатыр. Яғни, олар ақыл-есінде кемістігі бар науқастарды үнемі осылай қорқытып ұстайды деген сөз", - дейді Беріктің әпкесі.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Осы орайда басшылық лауазымға бір ай бұрын ғана тағайындалған Серік Жетібаев та өз қызметкерлерін жақтап, науқастардың сөзіне сенбеуге шақырған.

Бірақ істің мән-жайын анықтаған соң, арнайы тергеу жүргізетінін мәлімдеді. 

"Мен қазір анықтап білдім. Науқас агрессияда болған соң оны тыныштандыру үшін Николайдың қолы тиіп кеткен болуы мүмкін. Николай Бондорцовтың өзі ауырып қалыпты. Бүгін түстен кейінгі уақытқа науқастың туыстары мен қызметкерді шақырттым. Тергеу жүргіземіз.
Егер қызметкерлер кінәлі болса жазаланады, жұмыстан шығарылады. Ұрғаны рас болса, істі полицияға жібереміз. Науқастар онсыз да өздерін қорғай алмайтын жандар болғандықтан, істі бұлай қалдырмаймыз. Психикасы бұзылған аурулар болған соң, кейде тістеп алу, қарсы шығу сынды жағдайлар болып тұрады", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дәлізге рұқсатсыз шықты": Жамбыл облысында дәрігер жігіт мүгедек науқасты тепкілеген