RU

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтары қалай өтеді

Футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны мен жаңа форматы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: sport.ru
Фото: sport.ru: Facebook

Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген елдердің футболдан ішкі чемпионаттары мен еурокубок матчтары тоқтатылған болатын. Басылымның мәліметінше, Чемпиондар лигасының қалған матчтары Лиссабонда "Сегіздік финалы" форматында өтеді.

Сонымен қатар, Еуропа лигасының ойындары да аталған үлгіде Германияда жалғасын таппақ. Еуропа суперкубогі сарапқа салынатын дүбірлі доданы Будапештте өткізу жоспарланған. Ал әйледер арасынлағы Чемпиондар лигасы Испанияда өтеді.

Сондай-ақ "Ювентус" – "Лион", "Барселона" – "Наполи" арасындағы Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясындағы қарымта матчтар Туринде және сәйкесінше Барселонада ойналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан маусым-шілде айларына жоспарланған Еуропа чемпионатының 2021 жылға шегергелуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

12 наурызда L'Équipe басылымы Еуропа футбол қауымдастығы одағының Еуро турнирін 2021 жылға шегеруге ниетті екенін мәлім етті.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1860138-cempiondar-ligasy-men-europa-ligasyny-kalgan-matctary-kalaj-tedi.html