Выйти
RU

Қазақстан 20 маусымнан бастап халықаралық әуе рейстерін қайта іске қосады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Азаматтық авиация комитеті еліміздің кейбір мемлекеттермен халықаралық әуе қатынасын қайта жандандыратынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ комиеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады.

Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әр бағыт бойынша әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалатын болады.

Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия мен Мысыр елдерінің туристер үшін шекараларын ашатыны мәлім болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан 20 маусымнан бастап халықаралық әуе рейстерін қайта іске қосады