Выйти
RU

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина міндетті болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ләззат Ақтаева Facebook желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" эфирінде әлемде немесе біздің елде коронавирусқа қарсы вакцина пайда болған жағдайда, оны қабылдау міндетті бола ма деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алу міндетті болуы мүмкін

Көрнекі фото: hightech.fm

Вице-министр Ләззат Ақтаеваның айтуынша, Қазақстанда COVID- 19 инфекциясына қарсы вакцинаның міндетті болу-болмауы туралы шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады. Егер медицина қызметкерлері ауруды тұрақтандыру үшін вакцинациялаудан басқа тәсіл таппаса, қазақстандықтарға вакцина қабылдау міндеттеледі.

"Бұл ретте азаматтардың хабардар етілген келісімге немесе одан бас тартуға құқығы сақталады", -деді вице-министр.

Ақтаева қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцина табылмағанын, сол себепті дүние жүзі эпидемияны тәртіп мен маска тағу және карантинді сақтау арқылы ұстап тұруға тырысып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, министрлік өкілі елде жатыр мойыны қатерлі ісігін туындататын вирусқа қарсы екпе міндетті болмайтынын еске салды.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында елорданың бас санитарлық дәрігері ұйымдардың жетекшілерін қызметкерлерінің денсаулығына немқұрайлы қарады деп айыптады. Ол вирус жұқтырғандардың саны бұдан да көбейсе, Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілетінін мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина міндетті болуы мүмкін