Выйти
RU

Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды. Осылайша, елде қауіпті дерттен қайтыс болғандар саны 68-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

Көрнекі фото: segodnya.ua

Марқұм -1961 жылы туған әйел. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында елорданың бас санитарлық дәрігері ұйымдардың жетекшілерін қызметкерлерінің денсаулығына немқұрайлы қарады деп айыптады. Ол вирус жұқтырғандардың саны бұдан да көбейсе, Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілетінін мәлімдеді.

Ал бұған дейін коронавирус жұқтырған тұрғынмен байланыста болған Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов қазір өзін-өзі оқшаулап жатыр.

"Қазіргі таңда қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Оның ішінде Жезқазған әкімдігі мен қала әкімі Қайрат Бегімовтің өзі де бар. Ол бұрын жұмысы барысы мен халықпен кездесуге шығып, ауру белгілері жоқ вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.
Осы жағдай анықталғаннан кейін Қайрат Бегімов ПТР-тест тапсырды және өзін-өзі оқшаулады. Талдау нәтижелері теріс болып шықты. Алайда әзірге әкім үйіден жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды