Выйти
RU

Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге 254 млн теңге бөлінеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ведомствоның онлайн-отырысында елімізде сенат депутатына үміткерлерді ұсыну қашан басталатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Константин Петровтың айтуынша, парламенттің жоғарғы палатасына үміткерлерді ұсыну ертең, 13 маусымда басталады. Ал үміткерлерді ұсыну рәсімі 12 шілде күні кешкі сағат алтыда аяқталады.

Ол сайлау науқанына мемлекеттік бюджеттен 254 миллион теңге бөлінетінін мәлім етті.

Сондай-ақ спикер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 11 тамызда аяқталатынын атап өтті. Содан кейін бір тәулік бойы "тыныштық күні" болады.

Сайлаудың өзі 12 тамызда өтеді. Оның қорытындысы 18 тамыздан кешіктірілмей шығарылуы керек: яғни дауыстарды санауға 6 күн беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cенат депутаттарының сайлауы өтетін күнді бекіткен болатын.

Ақорданың ресми сайты мәлім еткендей, президент Қазақстан республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулы қабылдады.

Сондай-ақ бұған дейін елімізде саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдейтінін хабарлағанбыз.

Парламент мәжілісінің депутаттары саяси партияны тіркеу үшін оның мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтуды көздейтін заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге 254 млн теңге бөлінеді