Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент сенатынан кететін 17 депутат кімдер

Опубликовано:

Осы жылы қазан айының 15-жұлдызында парламент сенатының 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, депутаттық өкілеттігі аяқталатын сенаторлар мыналар:

  1. Рашит Әкімов (Ақмола облысынан),
  2. Марат Тағымов (Ақтөбе облысынан),
  3. Аңсар Мұсаханов (Алматы облысынан),
  4. Сәрсенбай Еңсегенов (Атырау облысынан),
  5. Сергей Плотников (Шығыс Қазақстан облысынан),
  6. Мұратбай Жолдасбаев (Жамбыл облысынан),
  7. Ерболат Мұқаев (Батыс Қазақстан облысынан),
  8. Сергей Ершов (Қарағанды облысынан),
  9. Серік Бектұрғанов (Қостанай облысынан),
  10. Бекмырза Еламанов (Қызылорда облысынан),
  11. Михаил Бортников (Маңғыстау облысынан),
  12. Манап Көбенов (Павлодар облысынан),
  13. Ольга Перепечина (Солтүстік Қазақстан облысынан),
  14. Әли Бектаев (Түркістан облысынан),
  15. Серік Жақсыбеков (Нұр-Сұлтан қаласынан),
  16. Төлеубек Мұқашев (Алматы қаласынан),
  17. Айгүл Қапбарова (Шымкент қаласынан).

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cенат депутаттарының сайлауы өтетін күнді бекіткен болатын.

Ақорданың ресми сайты мәлім еткендей, президент Қазақстан республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулы қабылдады.

Сондай-ақ бұған дейін елімізде саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдейтінін хабарлағанбыз.

Парламент мәжілісінің депутаттары саяси партияны тіркеу үшін оның мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтуды көздейтін заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860173-parlament-senatynan-ketetin-17-deputat-kimder/

pixel