Выйти
RU

Сынақтан сәтті өтуде: Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысында  Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сынақтан сәтті өтуде: Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады.

Қазіргі таңда Қазақстан Ғылыми-зерттеу институтының COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.
Сынақтан сәтті өтуде: Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Фото: primeminister.kz

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.

Қазіргі уақытта ҒЗИ 5 зертхана базасында отандық вакциналардың 67 түрін өндірді, оның ішінде, денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы (әлемде 7) және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы (әлемде 6), ауыл шаруашылығы саласы үшін құс тұмауына қарсы (әлемде алғашқылардың бірі), бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина (әлемдік аналогтардан асып түседі). Осы жылы аусылға қарсы вакцина және 4 СОVID-19-ға қарсы вакцина әзірленуде.

Айта кетейік, Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сынақтан сәтті өтуде: Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады