Выйти
RU

Коронавирус: Екінші толқынды еңсеруге Қазақстанның қаржысы жете ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметіде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Коронавирустың екінші толқыны болса, оны еңсеруге Қазақстанның қаржысы жете ме?" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Коронавирус: Екінші толқынды еңсеруге Қазақстанның қаржысы жете ме

Көрнекі фото: NUR.KZ

«Коронавирустың бірінші толқынын еңсеру үшін бюджеттен 153,4 млрд теңге бөлінген болатын. Оның 26,6 млрд теңгесі – Үкіметтің резерві болса, 125,3 млрд теңгесі нақтыланған республикалық бюджет кезінде бөлінген.

Сонымен бірге, 1,5 млрд теңге Білім және ғылым министрлігінің бюджетінен аударылды. Жалпы жағдай қалай қалыптасады, коронавирусқа қатысты ахуал не болады – оған қарай экономикалық жағдай қалай өзгеретінін көре жатармыз.

Жалпы Үкіметтің резерві мен нақтыланған бюджетте тиісті қаражат бар», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның ұлттық қорына былтыр 4,5 трлн теңге қосылғанын мәлім еткен болатын.

Оның айтуынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құрады. Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Екінші толқынды еңсеруге Қазақстанның қаржысы жете ме