Выйти
RU

Қазақстанда 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен героиннің ірі трафигі жойылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев есептік кездесу барысында елімізде 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен ірі есірткі трафигі тәркіленгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен героиннің ірі трафигі жойылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, ЭТҚ қызметкерлері қысқартылғаны қалғандарына жалақыны көтеріп, жемқорлық қаупін азайтуға көмектескен. Одан бөлек, ведомство өкілі экономикалық сипаттағы маңызды қылмыстардың ашылғанына назар аударды.

Мәселен, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен героиннің ірі есірткі трафигін жойған.

Хабарланғандай, тоннадан аса салмағы бар есірткіні жеткізу каналдарының жолы кесілген. Заңсыз нарықта мұндай героиннің бағасы шамамен 350 млн долларды құрайды.

Одан бөлек, министрдің айтуынша, елдің барлық облысында ойын мекемелері жойылған.

Айта кетейік, 2020 жылдың 27 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен героиннің ірі трафигі жойылды