Выйти
RU

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынбақ (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына барып, COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Жаңа биофармацевтикалық зауыт Жамбыл облысында  Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде салынбақ.

Вакцина өндірісі ғылым комитетіне қарасты биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарының басқаруымен өтпек.

Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Сондай-ақ, кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылмақ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ 1958 жылы КСРО-ның 6 ірі вирусологиялық институтының бірі ретінде құрылды. Штат 214 ғылыми қызметкер мен жетекші вирусолог-ғалымдардан (академиктер, докторлар және ғылым кандидаттары, PhD) құралған, қауіпті инфекциялармен жұмыс істеуге арналған 13 зертхананы қамтиды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

ҒЗИ ауыл шаруашылығына және денсаулық сақтау жүйесіне арналған вакциналар әзірлейді. Иммундық-биологиялық препараттар шығарып, биологиялық қауіпсіздік қаупі саласында зерттеулер жүргізеді. Оған қоса, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау бойынша тест жүйелерін әзірлейді.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Қазіргі уақытта ҒЗИ 5 зертхана базасында отандық вакциналардың 67 түрін өндірді. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы (әлемде 7) және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы (әлемде 6), ауыл шаруашылығы саласы үшін құс тұмауына қарсы (әлемде алғашқылардың бірі), бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина (әлемдік аналогтардан асып түседі) бар. Осы жылы аусылға қарсы вакцина және 4 СОVID-19-ға қарсы вакцина әзірленуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынбақ (фото)