Выйти
RU

БҚО-да ер адам үш жыл бойы өгей қызын зорлап келген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, БҚО-да өгей қызына қатысты бірнеше мәрте зорлық әрекет жасағаны үшін 38 жастағы тұрғын сот алдына келді. Сот үрдісі қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режимде өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Сот барасында азаматтың 2015 жылы түрмеден босап шыққанын хабарлады. Ол осыған дейін екі мәрте сотталған болып шықты. Бірінші рет қарақшылық үшін, екіншісінде ұрлық үшін істі болды. 2016 жылы ол кәмелетке толмаған қызы бар әйелмен танысқан.

Ол кезде қыз бала небәрі сегіз жаста болған. Отбасы Жанғалы ауданына көшіп кеткен. Ер адам ол жерде шаруа қожалығында шабан болып жұмыс істеген.

Сотта 2016 мен 2019 жылдар аралығында азамат кәмелетке толмаған өгей қызына қатысты жеті рет зорлық әрекеттер жасағанын хабарлады. Алайда, ол өз кінәсін тек жартылай мойындады.

Сот үрдісі барысында ер адамның кішкентай қызды сексуалды әрекеттерге оны өлтіретінін айтып, қорқытып мәжбүрлеген. Оған қоса, ол оның жақындарын да өлтіріп тастайтынын жеткізген.

Бастапқыда қыз бала бұл туралы анасына айтуға қорқып, үйде үлкен ағасымен болуға тырысқан. Зорлық әрекеттердің құрбаны барлығын интернат-мектептің мұғалімдеріне айтып берген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Нәтижесінде сот ер адамды кәмелетке толмаған қызға жасалған зорлық әрекеттерге кінәлі деп танып, оны 22 жылға бас бостандығынан айырған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да ер адам үш жыл бойы өгей қызын зорлап келген