Выйти
RU

Жамбыл облысында малшы екі әйелді зорлап өлтірген: Марқұмның қызы өз болжамын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында таудағы қожалықтан денесі табылған екі келіншекті бірнеше адам зорлап, азаптап өлтіруі ықтимал. Марқұмдардың жақындары осындай болжам жасап отыр. Олар Өзбекстан азаматының бір өзі екі әйелді айуандықпен жазым қылды дегенге сенбейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, үш апта бұрын Гухар Бакенова мен оның 38 жастағы Юля есімді құрбысының өлі денесі үйдегі тапшанның астынан табылған. Марқұмның қызының айтуынша, шешесінің қолын матап, зорлап өлтірген.    

"Мойны, басы, жағы сынған. Басы ауып кете береді. Қабырғалары сынған, денесінің бәріне пышақ тығылған. Саны, иығы кескіленген. Саусақтарын кескілеп, тірідей азаптай берген", - деді Севара.

Ол қайғылы жағдай басқа жерде жасалып, көпті адастыру үшін мәйіттер осы баспанаға әдейі жасырылған деген ойда екенін жасырған жоқ.

Сонымен қатар бұндай айуандықты жалғыз адамның істеуі мүмкін емес деген пікірде.

"Істелгеннің барлығы жасырылып, Өзбекстан азаматына жауып отыр деп ойлаймын. Оның қатысы бар шығар, бірақ жалғыз емес. Жан-жақта фазендалар бар", - деді марқұмның қызы.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Осы жағдайға байланысты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы пікір білдірді.

"Қазіргі кезде күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Істің толық мән-жайы тергеу мүддесіне байланыcты жарияланбайды", - деді Гүлсара Мұхтарқұлова.

Телеарна дерегінше, күдікке ілінген 54 жастағы Өзбекстан азаматы қолға түспеген. Оған мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында малшы екі әйелді зорлап өлтірген: Марқұмның қызы өз болжамын айтты