Выйти
RU

Елімізде коронавирус белгілері жоқ 623 адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда 12 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 623 адам анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Олардың 449-ы Нұр-Сұлтан қаласынан, 615-і Алматы қаласынан, 431-і Шымкент қаласынан, 44-і Ақмола облысынан, 84-і Ақтөбе облысынан, 246-ы Алматы облысынан, 379-ы Атырау облысынан, 148-і ШҚО-дан, 46-ы Жамбыл облысынан, 262-і БҚО-дан, 556-ы Қарағанды ​​облысынан, 31-і Қостанай облысынан, 92-і Қызылорда облысынан, 155-і Маңғыстау облысынан, 41-і Павлодар облысынан, 107-і СҚО-дан, 96-ы Түркістан облысынан.

Жалпы ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар саны бүгінгі статистика бойынша 3782-ге жетіп отыр.

Ал COVID-19 инфекциясының белгілері бар вирус жұқтырғандар саны 14 238-жеткен. Өткен тәулікте коронавируспен ауырған тағы 366 адам тіркелген.

Сонымен қатар 236 адам жазылып шықса, үш пациент қайтыс болған. Өлім жағдайлары Павлодар мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Айта кетейік аймақтарда коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантин шаралары күшейтілуде. Олардың қатарында Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды Алматы, Маңғыстау облыстары бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус белгілері жоқ 623 адам анықталды