RU

Ақтөбеде үш еркек пен бір әйел тұрғынды ұрлап әкетіп, миллион теңге талап еткен

Ақтөбеде 28 жастағы қала тұрғыны өзін белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, ақша талап еткенін айтып, облыстық полиция департаментіне арыз түсірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: doshdu.com
Көрнекі фото: doshdu.com: Depositphotos

Полицияның мәліметінше, жәбірленуші көрсеткен мекенжайда үш ер адам мен бір әйел адам ұсталған.

"Күдіктілерден ОСА травматикалық тапаншасы, "Мерседес" көлігінен пышақ пен травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала белгілі болғаны, жәбірленуші інісімен қаланың ескі бөлігінде жүрген. Сол кезде белгісіз біреулер екі көлікпен келіп, тапанша тақап, машинаға отырғызып, жалдамалы пәтерге апарған.
Сол жерде ұрып-соғып, 1 миллион теңге талап етеді. Таң ата бәрі ұйқыға кеткенде жәбірленуші үшінші қабаттағы балкон арқылы секіріп, қашқан. Бірден облыстық полиция департаментіне келіп, мән-жайды айтып берді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам ұрлау" бабы бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Үш ер адам ұсталып, қамауға алынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты Ақтөбе облысында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860225-aktbede-s-erkek-pen-bir-jel-trgyndy-rlap-ketip-million-tege-talap-etken.html