RU

"Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды

Коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушылардың анықталуына байланысты "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Фото: rakhat.kz
Фото: rakhat.kz: Depositphotos

Алғашында 8 адам анықталған. Оларды тепловизормен тексергенде жоғары температурада байқалған.

Сонымен бірге, 1450 қызметкерге тест жүргізілген.

Осыған байланысты, еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы талаптарға сәйкес қызметкерлер үй карантиніне алынған.

Фабрика әкімшілігі өздерінің шешімімен жұмысты 15 маусымға дейін тоқтатқан.

Аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына эпидемияға қарсы шаралар толығымен аяқталғанша, фабрика жұмысын тоқтату жайлы қаулы берілген.

Айта кетейік, бұған дейін тиісті шаралар мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін Алматыда Көк базардың жұмысы тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Бұған Көк базар аумағында қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының тіркелуі себеп болған.

Сонымен қатар осыған дейін мониторингтік топтардың тексеруі барысында Көк базар аумағында жұмысшылар мен сатушылар үшін байланыссыз термометрияның сақталмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы және келушілер арасында қашықтық сақтау үшін арнайы белгілердің белгіленбеуі, жеке қорғаныс құралдарын жөнсіз қолдану және пайдалану, тиісті жұмыс режимінің орындалмауы сынды тәртіпбұзушылықтар анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860241-rahat-konditerlik-fabrikasyny-zmysy-toktatyldy.html