Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтіледі

Опубликовано:

15 маусымнан бастап Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

15 маусымнан бастап БҚО-да:

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар:

- медициналық-әлеуметтік мекемелер, түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін;

- банктік қызметтер 9:00-ден 18:00-ге дейін;

- азық-түлік дүкендері 9:00 ден 22:00 дейін;

- базарлар 10:00-ден 16:00-ге дейін;

- ХҚКО, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, азық-түлік емес дүкендер, шаштараздар, сұлулық салондары 10:00-ден 18:00-ге дейін;

- сауда нысандары 10:00-ден 20:00-ге дейін:

- мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар, сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар 10:00-ден 22:00-ге дейін;

-фитнес орталықтары, СПА салондары 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Қызметі тоқтатылған нысандар:

- мектепке дейінгі балалар ұйымдары (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат) - қалалық демалыс саябағы, ойын-сауық нысандары - кинотеатрлардың, ойын алаңдарының барлық түрлері (аула алаңдарын қоспағанда) - түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, букмекерлік кеңселер - балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер - кейтерингтік қызметтерді және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету,

- діни нысандар.

Жаппай адамдар бар банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, отбасылық, естелік, салт және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, 20 маусымынан бастап балаларға арналған нысандарды қоспағанда, сауықтыру және санаториялық нысандардың (нысанның жобалық қуаттылығына қарай толтыру 50%-дан аспау керек) жұмысына рұқсат етіліп отыр.

15 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысында сағат 06:30-дан 21:30-ға дейін жұмыс режимімен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік қызметі шектеледі.

Автобустағы тасымалданатын адамдардың саны отырғызу орындарының санынан аспауы тиіс. Жолаушыларды автобустарға жіберу бетперде киген кезде ғана жүзеге асырылады

Қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жеткізу-уақыт шектеусіз.

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен сауда нысандарының жұмыс тәртібі сағат 20:00-ге дейін шектеледі.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, басқа да кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы, штаттық кесте кезінде 30-дан аса адам қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылуы тиіс.

ХҚКО онлайн-форматта жұмыс істейтін болады.

Балабақшалар кезекші топтар қағидаты бойынша жұмыс режиміне көшіріледі.

Жалпы, салтанатты, естелік және еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.

Түнгі клубтардың, караоке, бильярд, компьютерлік клубтардың, боулинг-орталықтардың, фитнес және жаттығу залдарының қызметі тоқтатылады.

Фуд-корттардың, кинотеатрлардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың сауықтыру лагерьлерінің және мектеп жанындағы лагерьлердің ашылуы кейінге қалдырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды Алматы, Маңғыстау облыстарында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860250-soltstik-kazakstan-men-batys-kazakstan-oblysynda-karantin-saralary-ksejtiledi/

pixel