Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 73-ке жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 73-ке жетті. Өткен тәулікте елде қауіпті дерттен үш адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 73-ке жетті

13 маусым сағат 20:55-те коронавирустан 2 науқас көз жұмғаны анықталды.

Олардың бірі - Шымкент қаласында 1944 жылы дүниеге келген ер адам, екіншісі - Батыс Қазақстан облысында 1938 жылы туған ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Бір сағат өтпей Павлодар облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды.

Марқұм -1942 жылы туған әйел адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды да коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, президент коронавирус жұқтырған мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 73-ке жетті