RU

Оралда полиция автокөлігі жанып кетті

Оралда полиция автокөлігі жанып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оралда полиция автокөлігі жанып кетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусым күні сағат 16.05-те Гагарин көшесіндегі Департаменттің патрульдік полиция батальоны әкімшілік ғимаратының ауласында болған.

"Шкода Октавия" патрульдік автокөлігі өртенді. 2014 жылы шығарылған автокөлік батальонға бекітілген. Батальон инспекторы автокөлікті қойғаннан кейін түтін шығып, жана бастаған. Өз күштерімен өртті сөндіре алмаған. "Тілсіз жауды" БҚО ТЖ департаменті №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ауыздықтады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Аталған дерек Орал полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі мәлімет бойынша сымның тұйықталуынан от шыққан. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Оған қоса департаменттің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның себептерін анықтауда.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласындағы "Бекжан" базарының алдындағы аяқ-киім сататын дүңгіршіктер өртеніп кеткен еді. Оқиға 9 маусым сағат 14.00 шамасында болған. Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1860273-oralda-policia-avtokligi-zanyp-ketti.html