Выйти
RU

БҚО-да коронавирустан көз жұмған қария ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан көз жұмған 82 жастағы қария ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО-да коронавирустан көз жұмған қария ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен

Көрнекі фото: azh.kz

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, 1932 жылғы өңір тұрғыны 5 маусым күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ол негізгі сырқатына қоса қант диабеті және ишемиялық жүрек ауруымен ауырған.

Жансақтау шаралары нәтиже бермей, қария 10 маусым күні көз жұмды.

Диагнозы: COVID-19-тің ауыр түрі, екіжақты пневмония. Осылайша, БҚО-да қайтқандар саны төртеуге жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 73-ке жетті. 3 маусым сағат 20:55-те коронавирустан 2 науқас көз жұмғаны анықталды. Олардың бірі - Шымкент қаласында 1944 жылы дүниеге келген ер адам, екіншісі - Батыс Қазақстан облысында 1938 жылы туған ер адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Бір сағат өтпей Павлодар облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды. Марқұм -1942 жылы туған әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды да коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да коронавирустан көз жұмған қария ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен