Выйти
RU

UFC: Қазақстандық Мария Агапова дебютті кездесуінде қарсыласын үш минутта жеңді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC туы астындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол қарсыласын үш минуттың ішінде жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

UFC: Қазақстандық Мария Агапова қарсыласын үш минуттың ішінде жеңді

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/ufcrussiа

23 жастағы отандасымыз UFC on ESPN 10 турнирі аясында 27 жастағы америкалық Ханна Сайферспен жұдырықтасты. АҚШ өкілі үшін бұл - UFC-дегі алтыншы кездесу.

Бұл жекпе-жек әу баста бастапқы кардта өтеді деп жоспарланған, алайда кейін оны негізгі кардға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ұйымдастырушылар мұндай шешім шығарғанына еш өкінбегені сөзсіз. Өйткені, қос файтер тамаша өнер көрсетті деп жазады деп жазады prosports.kz.

Әлемдегі атақты промоушен аясында алғаш рет жұдырықтасып жатқанына қарамастан, Агапова өзін оң қырынан көрсете білді. Ол кездесудің бар болғаны 2:42-минутында қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. 

Қазақстандық үшін бұл кәсіби мансабындағы тоғызыншы және UFC-дегі алғашқы жеңіс болып отыр. Ал Сайферс UFC-де алтыншы рет есе жіберді. Аталған промоушн аясында америкалық төртінші рет октагоннан ұтылып шықты.

Айта кетейік, бастапқыда Агапова басқа қарсыласы- Мелисса Гаттомен кездесуі керек еді. Мария жеңіске жеткен соң Нұрсұлтан Назарбаев пен өз командасына алғыс білдірген.

Одан бөлек, UFC-дегі алғашқы қазақстандық қыз келесі қарсыласын жекпе-жекке шақырды. Ол Шэна Добсонмен кездесуге ниетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
UFC: Қазақстандық Мария Агапова дебютті кездесуінде қарсыласын үш минутта жеңді